Нұрдәулет Қилыбай «Халық әкімі» атанды
Adyrna.kz телеграм арнасында ұйымдастырылған ресми онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша «Халық әкімі» деп Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай танылды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Дауыс беру нәтижесінде Нұрдәулет Қилыбай 3128 дауыс жинап, қатысушылардың басым қолдауына ие болды. Онлайн сауалнамаға аймақ тұрғындары мен оқырмандар белсенді қатысқан.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, дауыс беру ашық әрі жария форматта өтіп, қоғамның өңір басшыларына деген көзқарасын анықтауға бағытталған. Нәтижесінде тұрғындар Нұрдәулет Қилыбайдың өңірді дамытуға бағытталған бастамалары мен халықпен ашық байланысын жоғары бағалаған.
Айта кетейік, «Халық әкімі» атағы қоғамдық пікірге негізделген және азаматтардың сенім деңгейін көрсететін бейресми марапат болып саналады.