Otpan News Logo

Маңғыстаулық көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» және «Үлгілі» атақтары берілді

|
22.12.2025 10:47
Маңғыстаулық көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» және «Үлгілі» атақтары берілді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №653 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының мәдениет үйлерінде жұмыс істейтін 52 көркемөнерпаз ұжымына арнайы атақтар берілді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сай, 13 ұжым «Халықтық», ал 39 ұжым «Үлгілі» атағына ие болды.


Аталған атақтар көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылық деңгейін арттыру, ұлттық мәдени мұраны сақтау және дамыту, сондай-ақ халық шығармашылығын қолдау мақсатында берілді.


«Халықтық» және «Үлгілі» атақтарын беру мәселесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы №93 бұйрығымен бекітілген «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларының» 4-тармағына сәйкес қаралды.


Маңғыстау облысы бойынша «Халықтық» атағы берілетін көркемөнерпаздар ұжымдары:

1. Қызылтөбе ауылдық «Ақ ілгек» өнер студиясы;

2. Қызылтөбе ауылдық «Jas Star» театры;

3. Сыңғырлау ауылдық «Сыңғырлау» шеберлік студиясы;

4. Сарға ауылдық «Талпақовтар» жанұялық ансамблі;

5. Ақжігіт ауылдық «Асыл аналар» ансамблі;

6. Боранқұл ауылдық «Әуен» вокалдық ансамблі;

7. Маңғыстау аудандық «Жалын» вокалдық ансамблі;

8. Үштаған ауылдық «Қазына» Әбілқасымовтар жанұялық ансамблі;

9. Жетібай ауылдық «Аяулы аналар» ансамблі;

10. Мұнайшы ауылдық «Шаттық» ансамблі;

11. Мұнайшы ауылдық «Мұнайшы» театры;

12. Қызылөзен ауылдық «Шебер қолдар» қолөнер студиясы;

13. Түпқараған аудандық «Ля минор» вокалдық ансамблі.


Өңір бойынша «Үлгілі» атағы берілетін көркемөнерпаздар ұжымдары

1. Теңге ауылдық «Аманат» студиясы;

2. Қызылтөбе ауылдық «Жақұт» би ансамблі;

3. Қызылтөбе ауылдық «Айнамкөз» дәстүрлі әншілер ансамблі;

4. Қызылтөбе ауылдық «Нарату» домбырашылар ансамблі;

5. Таушық ауылдық «Өрен» домбырашылар ансамблі;

6. Таушық ауылдық «Өнер көкжиегі» студиясы;

7. Таушық ауылдық «Көркем би» ансамблі;

8. Таушық ауылдық «Bala Star» балалар хоры;

9. Боранқұл ауылдық «Домбыра дастан» домбырашылар ансамблі;

10. Боранқұл ауылдық «Достық» сурет студиясы;

11. Ақжігіт ауылдық «Дарын» домбырашылар ансамблі;

12. Ақжігіт ауылдық «Назым» би ансамблі;

13. Телеп ауылдық «Жауқазын» би ансамблі;

14. Сарға ауылдық «Ғажайып өрнектер» студиясы;

15. Есет ауылдық «Шебер» қолөнер студиясы;

16. Бостан ауылдық «Бейнелеу өнері» студиясы;

17. Сенек ауылдық «Үкілі домбыра» ансамблі;

18. Мұнайлы аудандық «Қайнар» домбырашылар ансамблі;

19. Мұнайлы аудандық «Еркетай» би ансамблі;

20. Мұнайлы аудандық «Band-Art» гитара ансамблі;

21. Мұнайлы аудандық «Жас екпін» дәстүрлі ән ансамблі;

22. Баянды ауылдық «Бәйтерек» домбырашылар ансамблі;

23. Баянды ауылдық «Бастау» вокалдық ансамблі;

24. Баянды ауылдық «Жеті өнер» қолданбалы өнер студиясы;

25. Жыңғылды ауылдық «Сиқырлы қылқалам» бейнелеу өнері студиясы;

26. Жыңғылды ауылдық «Ақжелен» домбырашылар ансамблі;

27. Жыңғылды ауылдық «Шебер қолдар» қолөнер студиясы;

28. Шайыр ауылдық «Шабыт» дәстүрлі әншілер ансамблі;

29. Онды ауылдық «Әсемай» би ансамблі;

30. Сайөтес ауылдық «Бояулар сыры» сурет студиясы;

31. Қызан ауылдық «Жас дүрен» вокалдық ансамблі;

32. Тұщықұдық ауылдық «Әдемі-ай» би ансамблі;

33. Үштаған ауылдық «Шертер» домбырашылар ансамблі;

34. Үштаған ауылдық «Өрлен» вокалдық ансамблі;

35. Жармыш ауылдық «Күй қанаты» домбырашылар ансамблі;

36. Шебір ауылдық «Нұрлы саз» вокалдық ансамблі;

37. Ақтау қалалық «Ертегілер» вокалдық ансамблі;

38. Ақтау қалалық «Кішкентай ханшайымдар» студиясы;

39. Түпқараған аудандық «Star Kids» вокалдық ансамблі.

76
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!