Otpan News Logo

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері басшыларымен бірге «ОА + Жапония» форматындағы бірінші саммитке қатысты

|
21.12.2025 12:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері басшыларымен бірге «ОА + Жапония» форматындағы бірінші саммитке қатысты
Ақорда

Мемлекет басшысы өзара тиімді ынтымақтастықтың басым бағыттарына тоқталды, деп жазады otpannews.kz Руслан Желдібайдың телеграм каналына сілтеме жасап. 


Соның ішінде: Қазақстан Жапониямен бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайды жасауға, қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруға дайын;


Қазақстан Жапония Үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу туралы шешімін құптайды;


Еліміз «жасыл» технологияларды қолдана отырып, дәстүрлі қуат көзін игеру және өңдеу жобаларына жапон тәжірибесін, инновациясы мен инвестициясын тартуға мүдделі;


Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасының іске қосылуын қуаттайды. Бұл бастама сирек кездесетін элементтер мен басқа да аса маңызды минералдар өндірісін цифрландырып, экологиялық орнықтылықты арттырады.


Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев орнықты ауыл шаруашылығы саласында жапон ғалымдарының және сарапшыларының қатысуымен зерттеу платформасын құруды, сондай-ақ елімізде Жапония университеттері мен білім орталықтарының өкілдіктерін ашуды ұсынды.


Президент JICA агенттігінің Орталық Азиядағы су проблемасын шешуге қосқан үлесін атап өтті. Су үнемдеу технологияларын енгізу, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, су саласын автоматтандыру мен цифрландыру және басқа да бағыттарда күш біріктіріп, тәжірибе алмасуға шақырды.


Мемлекет басшысы атом энергетикасындағы ынтымақтастыққа назар аударды. Еліміз әлемдік ядролық отын нарығында зор әлеуетке ие. Осы мүмкіндікті Жапонияның озық технологиясымен бір арнаға тоғыстыру аталған бағыттағы табысты ықпалдастыққа кепіл болады.

75
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!