Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Мемлекет басшысы инфляцияны Қазақстанның басты проблемасы деп атады

Гүлмира Аманжолқызы
|
08.09.2025 12:14
Мемлекет басшысы инфляцияны Қазақстанның басты проблемасы деп атады
Фото:depositphotos.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында елдегі жоғары инфляция деңгейіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Президенттің айтуынша, бүгінгі күні елдегі басты проблема – жоғары инфляция. Ол іс жүзінде экономикалық көрсеткіштер мен азаматтар табысының өсімін жоққа шығарып отыр.


- Бұл мәселенің дайын экономикалық көрсеткіштері мен нақты шешім жолы жоқ. Бұл – көптеген мемлекеттерге ортақ, әмбебап сипаттағы мәселе. Алайда біздің жағдайымызда ол ерекше өткір сипат алды. Біз бұл макроэкономикалық тұйық шеңберден шығуымыз керек. Алдағы қиындықтарды еңсеру үшін әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, қажет болған жағдайда танымал емес шешімдер үшін де жауапкершілік алуға дайын болуымыз қажет. Үкімет пен Ұлттық банк біртұтас команда ретінде әрекет етуі тиіс, өйткені жағдайдың күрделілігін ескерсек, бұл – жалпымемлекеттік міндет. Қазір арқан тартумен айналысатын уақыт емес, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!