Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«ҚазАзот» АҚ-ға 8,5 млн теңге айыппұл салынды

Гүлмира Аманжолқызы
|
08.09.2025 14:57
«ҚазАзот» АҚ-ға 8,5 млн теңге айыппұл салынды

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті «ҚазАзот» АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарының сақталуын тексеру мақсатында жоспардан тыс тексеріс жүргізді, деп хабарлайды otpannews.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тексеру кезінде атмосфераға ластаушы заттардың қысқа мерзімді апаттық шығарындылары анықталды. Олар технологиялық ақаулар мен «МАЭК» ЖШС-ның жылу электр станциясындағы энергия блогының апаттық ажыратылуына байланысты орын алды.


Тексеру нәтижесінде «ҚазАзот» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 328-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 8 552 901 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Алдағы уақытта Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылау және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту шараларын қабылдау бойынша жұмыстарын одан әрі жалғастырады.

71
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!