Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек

Гүлмира Аманжолқызы
|
08.09.2025 12:56
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек
Фото: Shutterstock/FOTODOM

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елге жоғары білікті, кәсіби дайындықтан өткен жұмысшы мамандық иелері қажет екенін айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.


- Осы себепті мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладым. Қазір елімізде мыңдаған жұмыс орны бос тұр. Түрлі салада, тіпті, жалақысы едәуір жоғары жұмыс орындары бар. Бұл орындарды шетелден келіп жатқан адамдар толтырып жатыр. Жыл сайын мыңдаған инженер, құрылысшы және ауыл шаруашылығы маманы оқуын бітіріп шығады. Оларға білім беру үшін мемлекет қомақты қаражат бөліп жатыр. Алайда көбі мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Олар арнайы білімді қажет етпейтін, тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдайды. Әрине, жұмыстың жаманы жоқ, адал еңбектің бәрі маңызды. Бірақ бұл үрдіс жеке адамға да, бүкіл елге де үлкен пайда әкелмейді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президенттің айтуынша, мемлекет адамдардың өндіріс орындарына барып, нақты экономиканың шынайы секторында жұмыс істеуге ұмтылатындай жағдай жасауға тиіс. 


Мемлекет басшысы атап өткендей, басты міндеттердің бірі - жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыру және олардың еңбегіне лайықты жалақы төлеу.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!