Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстандағы футбол клубтары жеке иелікке беріледі

Жанкелді Қаржан
|
08.09.2025 12:38
Қазақстандағы футбол клубтары жеке иелікке беріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында футбол клубтарын жекеменшікке беру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды otpannews.kz.


«Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға баса мән беремін. Аймақтарда спорт нысандары бой көтеріп жатыр. Үйірмелер балаларға қолжетімді бола бастады. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға және егде адамдарға арналған спорт клубтары ашылып жатыр. Сондай-ақ кәсіби спорт саласында оң өзгерістер болып жатыр. Мен бұған дейін шетелден келген спортшыларға бюджеттен қаржы бөлуді шектеу туралы тапсырма бердім. Депутаттар бұл бастаманы қолдап, арнайы заң қабылдады. Бұл – өз спортшыларымызды қолдауға арналған маңызды қадам», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Мемлекет басшысы футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керектігін атады.


«Бірақ мұнымен шектеліп қалуға болмайды, алға қарай жүруіміз керек. Футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты тездету керек. Қазір еліміздің төрт футбол клубына белгілі кәсіпкерлеріміз ие болды, яғни, клубтар жекеменшікке өтіп жатыр. Сол үшін оларға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз. Қазіргі заманда кәсіби спортты қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырған жөн», - деді Президент.
68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!