Маңғыстаулық кәсіпкер халықаралық жиында өңірдегі балық шаруашылығының дамуын баяндады
Шымкент қаласында өткен халықаралық «AUYL INVEST FEST. Балық шаруашылығы – 2026» фестивалінде «Ауыл»партиясының Маңғыстау облысындағы өкілі Айбек Исембаев өңірдегі балық шаруашылығының дамуын баяндады, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Шымкент қаласы әкімдігі мен «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен фестивальге Франция, Дания, Чехия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен Парламент депутаттары, мыңнан астам кәсіпкер қатысты. Олар саланы шикізаттық бағыттан жоғары технологиялық индустрияға көшіру жолдарын талқылады.
Іс-шарада балық шаруашылығы саласының даму перспективалары, инвестициялық әлеуеті және өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылды.