Otpan News Logo

Елімізде Ақтау және Құрық порттары арқылы өтетін тасымал жанданады

|
13.04.2026 15:24
Елімізде Ақтау және Құрық порттары арқылы өтетін тасымал жанданады
ашық дереккөз

ҚР Үкіметінде Президенттің көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша теңіз инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Үкіметтің мәліметінше, теңіз инфрақұрылымын дамыту бойынша Ақтау және Құрық порттарын пайдалана отырып тасымалды жандандыра түсу жөнінде талқылау болды. Сондай-ақ осы жылы Ақтау портында су түбін 1,3 млн текше метрге дейін тереңдету жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.


Премьер-министр «Ақтау – Баку» бағытындағы қатынасқа пайдалану үшін қарастырылған 6 контейнер тасығыш кемені сатып алу рәсімдері кешіктіріліп жатқанына назар аударды. Жаңа көліктерді аталған бағытқа шығару жұмысын жеделдету тапсырылды.

13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!