Otpan News Logo

Маңғыстауда 103 дзюдошы аттестациядан өтті

Маңғыстауда 103 дзюдошы аттестациядан өтті

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Әділ Темірхан атындағы дзюдо академиясында спортшыларды аттестациялау (КЮ–ДАН) іс-шарасы өтті. Оған академияның 103 тәрбиеленушісі қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Аттестацияны тәжірибелі мамандар бағалады. Сарапшылар қатарында Маңғыстау облысы дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қанат Жұмабаев, дзюдодан 3 дан иегері, ката шебері Сергей Ермолаев, ҚР жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Бағнұр Мырзай және дзюдодан шеберлер арасында әлем чемпионы Қайрат Бурбасов болды.


Соңғы екі жылда академия спортшылары халықаралық оқу-жаттығу жиындарынан өтті. Оның ішінде Жапониядағы дзюдоның отаны саналатын Кодокан мектебінде дайындықтан өткендер бар. Қазіргі таңда көптеген тәрбиеленушілер Маңғыстау облысының құрама командасына қабылданып, Қазақстан чемпионаттарының жүлдегерлері атанған.


Алдағы жылы академия командасы Австрияда өтетін Еуропа кубогіне және Египеттегі халықаралық турнирге қатысуды жоспарлап отыр.


Аттестацияны ұйымдастырып, спортшыларды дайындаған бапкерлер — Дәулет Бисенқұлы, Нұрсұлтан Бисенқұлы және Ербол Саржанов.

32
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!