Otpan News Logo

Биылғы 11 айда ел экономикасы 6,4%-ға өсті

|
17.12.2025 10:13
Биылғы 11 айда ел экономикасы 6,4%-ға өсті

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды. Жиында 2025 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Үкіметке сілтеме жасап. 


ҚР ҰЭМ деректері бойынша, басты көрсеткіш – ЖІӨ-нің өсімі, ол 6,4%-ға жеткен.


Президенттің сапалы дамуды қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде ел экономикасы сенімді өсу қарқынын көрсетуде.


Негізгі драйверлер өсімі 7,3%-дан 7,4%-ға дейін жеделдеген өнеркәсіп пен 6,1%-ға ілгерілеген ауыл шаруашылығы болды. Тұрақты дамуды нақты экономиканың басқа секторлары да көрсетіп отыр. Атап айтқанда, көлік саласы 20,3%-ға, құрылыс 14,7%-ға өсті, ал сауда 8,8%-ға артты.


«Экономика сыртқы жағдайларға бейімделіп, тұрақты даму жолына түсті. Біз базалық салаларда жеделдеу барын көріп отырмыз, бұл әлеуметтік міндеттемелерді орындау және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін берік негіз қалайды»,- деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.
85
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!