Otpan News Logo

Құрық ауылында 350 миллион теңгенің су инфрақұрылымы жобасы аяқталды

|
10.07.2026 13:56
Құрық ауылында 350 миллион теңгенің су инфрақұрылымы жобасы аяқталды

Қарақия ауданының Құрық ауылында ауыз су инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жоба аяқталып, сыйымдылығы 2 мың текше метр болатын екі су резервуары пайдалануға берілді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қарақия әкімдігінің мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстарын «ТехИнСервис» ЖШС жүргізді. Құны 350 млн теңгені құрайтын жоба аясында инженерлік желілер толық іске қосылды, нысан тұрғындарға қызмет көрсете бастады.


Жоба аясында осы уақытқа дейін орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған «Баутино» және «Карьер» көшелеріне ұзындығы 2 шақырым болатын жаңа су құбыры тартылды. Осылайша, аталған көшелердегі тұрғын үйлерді орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосуға мүмкіндік туды.


- Орнатылған екі су резервуары Құрық ауылының су қорын тұрақтандыруға және елді мекенді үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті әкімдік.

53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!