Otpan News Logo

Ақтауда этномәдени бірлестік өкілдері Жаңа Конституцияның басымдықтарын талқылады

Ақтауда этномәдени бірлестік өкілдері Жаңа Конституцияның басымдықтарын талқылады

Ақтауда «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жаңа Конституцияны ілгерілету аясында этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жиынға Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлмира Балғожаева, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен қоғамдық құрылым мүшелері қатысты.


Кездесу барысында Жаңа Конституцияның негізгі нормалары, биылғы жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспарлар мен алдағы міндеттер талқыланды.


Гүлмира Балғожаева 1 шілдеден бастап күшіне енген Жаңа Конституция аясында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған жаңа институттар қалыптасқанын айтты. Оның сөзінше, конституциялық өзгерістерге сәйкес Қазақстан Халық Кеңесінің мәртебесі айқындалып, этномәдени бірлестіктердің қызметі жаңа құқықтық негізде жалғасады.


Облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөліне тоқталды.


Жиында сондай-ақ Маңғыстау облысы Полиция департаментінің, «Қоғамдық келісім» КММ мен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері сөз сөйлеп, заңнамалық өзгерістер мен алдағы жұмыс бағыттарын таныстырды.


Кездесу соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа басылымы табысталып, ақпарат саласының ардагері Айнахан Есетоваға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Құрмет грамотасы тапсырылды.

22
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!