Otpan News Logo

Қазақстанда несие алу талаптары қиындай ма?

|
11.07.2026 11:22
Қазақстанда несие алу талаптары қиындай ма?
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан Ұлттық банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) тұтынушылық несиелеу талаптарын әзірге қатаңдатпау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 2024 жылдан бері кезең-кезеңімен енгізілген шектеулер өз нәтижесін беріп, кепілсіз тұтынушылық несиенің шамадан тыс өсуі тежелген. Осыған байланысты қарыздық жүктеме коэффициенті (ҚЖК) мен қарыздың табысқа қатынасы (ҚТҚ) бойынша талаптарды күшейту, сондай-ақ ипотекалық несиелердің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) төмендету жоспарынан әзірге бас тартылды.

 

Қазіргі таңда елімізде несие рәсімдеу кезінде қарыз алушының төлем қабілеті мұқият бағаланады, онлайн несие беру талаптары күшейтілген, мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға жаңа несие берілмейді. Сонымен қатар 1000 АЕК-тен (4,3 млн теңгеден) асатын несие алу үшін жұбайының немесе зайыбының келісімі міндетті.

 

Сондай-ақ ипотекалық несиелер бойынша ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі әзірге 25 пайыз деңгейінде сақталады.

 

ҚНРДА мәліметінше, кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша дефолт деңгейі төмен болып қалып отыр және шамамен 1,5 пайызды құрайды. Сонымен қатар соңғы уақытта бөлшек несиелеудің өсу қарқыны баяулап, тұтынушылық сұраныс біршама тұрақтанған.

 

Бұған қоса, Үкімет 2026-2029 жылдарға арналған халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Құжатта жалақыны өсіру, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік қолдау көрсету және азаматтардың қарыз жүктемесін төмендетуге бағытталған шаралар қарастырылған.

 

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!