Otpan News Logo

Бибісара Асаубаева Women’s Speed Chess-2026 турнирінің ширек финалына шықты

|
11.07.2026 10:51
Бибісара Асаубаева Women’s Speed Chess-2026 турнирінің ширек финалына шықты
Фото: Sports.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Women’s Speed Chess Championship 2026 беделді онлайн турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Sports.kz басылымының жазуынша, 1/8 финалда қазақстандық гроссмейстер Өзбекстан өкілі Афруза Хамдамованы жалпы 10,5:3,5 есебімен жеңіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды.

 

Асаубаева матчтың барлық үш кезеңінде қарсыласынан басым түсті. 5+1 уақыт бақылауындағы блицте 3,5:1,5 есебімен жеңіске жетсе, 3+1 форматында 4:1 есебімен басым болды. Ал 1+1 форматындағы пулда да Хамдамоваға мүмкіндік бермей, 3:1 есебімен жеңді.

 

Осылайша, Бибісара Асаубаева матчты 10,5:3,5 есебімен аяқтап, Women’s Speed Chess Championship 2026 турнирінің ширек финалында чемпиондық атақ үшін күресін жалғастырады.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!