Otpan News Logo

Каспий жағалауында қауіпсіздік бақылауы күшейтілді

|
12.07.2026 14:12
Каспий жағалауында қауіпсіздік бақылауы күшейтілді
Ашық дереккөзден

Каспий теңізі жағалауында тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды профилактикалық рейд ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

11 шілде күні өткен рейдке Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, еріктілер және Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты.

 

«Іс-шара барысында демалушыларға су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Сонымен қатар жағалауда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, заң бұзушылықтардың және заңсыз кәсіпкерлік қызметтің алдын алу бағытында бақылау күшейтілді», - деп жазылған МО ТЖМ хабарламасында.

 

Мамандар жазғы демалыс маусымында судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңызын еске салды. Атап айтқанда, арнайы белгіленген орындарда ғана шомылу, балаларды қараусыз қалдырмау, қауіпсіздік белгілері мен құтқарушылардың ескертулерін назардан тыс қалдырмау қажеттігі айтылды.

Жауапты мекемелер азаматтарды өз қауіпсіздігіне бейжай қарамай, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!