Otpan News Logo

Ақтауда «Өзгеше» жастар кеші өтті

|
06.09.2026 22:26
Ақтауда «Өзгеше» жастар кеші өтті

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың мәдени және шығармашылық белсенділігін арттыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Өзгеше» жастар кеші өтті. Іс-шара барысында жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталған концерттік бағдарлама ұсынылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Кеш бағдарламасына өңірдің жас өнерпаздарының орындаулары, би қойылымдары және музыкалық номерлер енгізілді. Концерт барысында жас өнерпаз Zhaken өнер көрсетіп, өз музыкалық шығармаларын орындады. 


Сонымен қатар бағдарламада Ғасыр, ALHVM және Амангүл Жапева өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.


Іс-шараның музыкалық бөлімінде «Sherqala» вокалды-аспаптық ансамблінің қатысуымен жанды музыка бағдарламасы ұйымдастырылды. Көрермендерге танымал музыкалық шығармалар ұсынылып, жастардың шығармашылық бағдарламаға белсенді қатысты.


Сондай-ақ іс-шара барысында «Әнді тап!», «Кім жылдам?» секілді интерактивті ойындар өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Кеш соңында қала жастары мен ұйымдастырушылар қосыла ән шырқап, караоке айтты. 


«Іс-шара жастардың мәдени демалысын ұйымдастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және олардың қоғамдық-мәдени шараларға қатысу белсенділігін арттыруға бағытталды. Аталған іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткен «Макси Чай» және «Garden» компанияларына алғыс білдіреміз»,- деді Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығы басшысының м.а. Гүлназ Жеңісқызы.
5
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!