Otpan News Logo

Ақтауда мамандандырылған IT-лицей түлектері сәнді киімнен бас тартып, қайырымдылық қорына ақша аударды

|
18.06.2025 14:45
Ақтауда мамандандырылған IT-лицей түлектері сәнді киімнен бас тартып, қайырымдылық қорына ақша аударды

Ақтауда мамандандырылған IT лицейде 2025 жылғы түлектерге салтанатты түрде аттестат табыстады, - деп хабарлайды otpannews.kz. Биыл білім ордасын 97 оқушы тәмамдады, олардың қатарында «Алтын белгі» иегерлері мен үздік аттестат алған түлектер бар.


Салтанатты жиында лицей директоры Моншақ Ғайыпбаева мен өңірдегі білім беру ұйымдары мен серіктес мекемелердің өкілдері сөз сөйлеп, түлектерді құттықтады.


Шарада ерекше есте қалғаны, түлектердің әдемі киімнен бас тартып, сол қаражатты қайырымдылық қорына аударды. «Сенің бес минут жарқырауың – біреудің бүтін өмірі» деген ұранмен олар аутизмге шалдыққан балаларды қолдайтын «Періштe» орталығына 500 мың теңгенің сертификат табыстады. Олар осы арқылы қоғамда болып жатқан жағдайларға бейжай қарамайтынын, жауапкершілікті сезінетінін көрсетті.


Олар қайырымдылық эстафетасын облыстағы мектептердің түлектеріне жолдады.

116
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!