Otpan News Logo

Экология департаменті санитарлық тазалыққа қатысты мониторинг жүргізді

|
28.07.2026 11:52
Экология департаменті санитарлық тазалыққа қатысты мониторинг жүргізді

Түпқараған ауданында санитарлық тазалық пен абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында кезекті мониторинг жұмыстары өтті, деп хабарлайды  otpannews.kz.


Маңғыстау облыстық экология департаментінің мәліметінше, мониторинг барысында көшелердің тазалығы, сондай-ақ сауда орындары мен шаштараздардың маңындағы санитарлық жағдай тексерілді.


«Кәсіпкерлік нысандарының иелеріне ғимаратқа іргелес аумақтарды таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару және санитарлық талаптарды сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ескертулер берілді», - деп жазылған департамент хабарламасында.


Бұдан бөлек, көше бойындағы тазалыққа бақылау жүргізіліп, жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою тапсырылған.


Мамандар абаттандыру қағидаларын бұзу және санитарлық талаптарды сақтамау деректері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске салып отыр.

 

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!