Otpan News Logo

ТЖМ қызметкерлері Каспий теңізінде бес жасөспірімді құтқарды

|
28.07.2026 10:23
ТЖМ қызметкерлері Каспий теңізінде бес жасөспірімді құтқарды
ТЖМ

Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында жүргізілген үгіт-насихат және профилактикалық іс-шаралар барысында ТЖМ қызметкерлері бес жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды otpannews.kz.


ТЖМ мәліметінше, шомылу кезінде теңіздегі қатты толқынның салдарынан жасөспірімдер өздігінен жағаға жете алмаған. Құтқарушылар жағдайға жедел әрекет етіп, дереу көмекке келіп, олардың барлығын жағаға жеткізді.


Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!