Otpan News Logo

Аида Байгелова: «Еліміздің жарқын болашағы – әрқайсымыздың саналы таңдауымызға байланысты»

|
28.07.2026 15:06
Аида Байгелова: «Еліміздің жарқын болашағы – әрқайсымыздың саналы таңдауымызға байланысты»

М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Аида Байгелова 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы ел болашағы үшін маңызды саяси оқиға екенін атап өтіп, жерлестерін азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге шақырды.


– Құрметті жерлестер! 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы – еліміздің болашағы үшін ең маңызды күндердің бірі. Ертең қандай елде өмір сүретінімізге әрқайсымыздың бүгінгі таңдаған жолымыз әсер етеді. Сондықтан бұл саяси науқанға бейжай қарамай, сайлауға қатысу – әр азаматтың парызы деп санаймын. Дәл осы күні бірлігімізді көрсетіп, азаматтық ұстанымымызды білдірейік. 23 тамызда өз таңдауымызды жасап, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс берейік, – деді Аида Байгелова.

38
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!