Otpan News Logo

«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл»: Маңғыстауда Президент шыршасы өтті

|
25.12.2025 14:17
«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл»: Маңғыстауда Президент шыршасы өтті

Бүгін Ақтауда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан дәстүрлі Жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шараға облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 250 оқушы қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Мерекелік жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай арнайы қатысып, балаларды Мемлекет басшысының атынан құттықтады.


«Сіздер – еліміздің ертеңісіздер. Елін сүйетін, білімге құштар, саналы ұрпақ болып қалыптасу – басты міндеттеріңіз. Мемлекет басшысы әрдайым балаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Бұл мереке – соның айқын дәлелі. Жаңа жыл баршаңызға бақыт, денсаулық, бейбіт өмір мен жетістіктер әкелсін», – деді аймақ басшысы өз сөзінде.


Мереке тек шырша айналасындағы бимен шектелген жоқ. Балалар үшін театрландырылған қойылымдар мен қызықты ойын-сауықтар ұйымдастырылды. Әр балаға Президент атынан тәттілер мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

 

Жас қонақтар Ә. Кекілбаев атындағы музей мен Қ. Сыдиықов атындағы кітапхананы аралап, рухани демалды.


Айта кетейік, маңғыстаулық оқушылар бұған дейін де мерекелік іс-шаралардан тыс қалмады. Атап айтқанда, 4-23 желтоқсан аралығында 12 дарынды оқушы Бурабайдағы «Балдәурен» орталығында өткен карнавалға қатысты. Ал 24 желтоқсанда әлеуметтік санаттағы балалар Астана қаласындағы республикалық шырша мерекесінде қонақ болды.

72
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!