Otpan News Logo

Бейнеуде лицензиясыз білім берген ұйымға айыппұл салынды

|
25.12.2025 21:23
Бейнеуде лицензиясыз білім берген ұйымға айыппұл салынды

Бейнеу аудандық сотында ӘҚБтК-нің 463-бабының 1 бөлігімен(Тиісті тiркеусiз, рұқсатсыз, хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) «Д» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты аудандық сотқа сілтеме жасап. 

 

Сотпен анықталғандай, Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен «Д» ЖШС-ға тексеру жүргізіліп, тексеру нәтижесімен лицензиясыз (рұқсатсыз) білім беру қызметін атқарып жатқандығы анықталды.

 

Сот отырысы барысында аталған ЖШС-ның басшысы Ж. әкімшілік хаттамамен келісіп, көрсетілген кемшіліктер орын алғанын, алдағы уақытта кемшіліктер жойылатындығын айтты.

 

Сот қаулысымен «Д» ЖШС-сы ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (яғни 98 300 теңге) әкімшілік айыппұл тағайындалды.


Қаулы заңды күшіне енді.

 

 

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!