Otpan News Logo

Облыстағы 40 мектепке мобильді станция сыйға тартылды

|
26.12.2025 14:52
Облыстағы 40 мектепке мобильді станция сыйға тартылды

Бүгін Ақтауда “Үздіктер шеруі 2025” өтіп, облыстағы 5 аудан мен 2 қаланың білім беру ұйымдарының өкілдері жиналды. Жыл бойы үздік нәтиже көрсетіп, топ жарған ұстаздар марапатталып, 2025 жыл қорытындыланды. Іс-шара аясында «Алматыкітап баспасы» өңірдегі 40 мектепке оқу үдерісін қолдауға арналған “TopIQ-MobilBox” автономды оқу станциясын сыйға тартты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Аталған құрылғы шалғай елді мекендердегі және шеткері қала мектептеріндегі оқушылар мен мұғалімдерге оқу контентін еркін пайдалануға мүмкіндік береді. Оқу станциясына қазақ және орыс тілдеріндегі 395 оқулық пен көркем әдеби кітап, бейнематериалдар, аудиоконтент және мультфильмдер, интерактивті тапсырмалар мен тесттер енгізілген.


Сондай-ақ оқу станциясында мұғалімдердің күнделікті жұмысын жеңілдетуге арналған «Qamqor» интеллектуалды көмекшісі бар. Ол сабақ жоспарларын әзірлеуге, оқу материалдарын таңдауға және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.


“Мобильді станция интернетсіз жұмыс істей береді. Бұл жобаның  мақсаты – осы. Шалғай жатқан ауылдар мен аудандарда интернет желісі тұрақсыз болып жатады, сондай сәттерде оқулықтарға, қажетті құралдар қолжетімді болуы үшін осы “TopIQ-MobilBox” оқу станциялары ойлап табылды. Жобаның негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқитын ұлт» бастамасын қолдау, шағын жинақты мектептерге, кітапханаларға және педагогикалық колледждерге қолдау көрсету, оларды заманауи оқу құралдарымен қамтамасыз ету және білім беру сапасын арттыруға үлес қосу. 2025 жылғы 26 желтоқсанда «TopIQ-MobilBox» оқу станциялары Маңғыстау облысының шағын жинақты мектептеріне, сондай-ақ TopIQ.kz платформасын тиімді пайдаланған және республикалық «Leader TopIQ» байқауында үздік нәтиже көрсеткен өңірлердің 40 мектебіне Жаңа жылдық сый ретінде табысталды”,- деді «Алматыкітап баспасының» баспасөз хатшысы Гүлмарал Қабдуллашева. 


Айта кетейік, «TopIQ-MobilBox» оқу станциялары еліміздің 20 өңіріндегі цифрлық ресурстарға қолжетімділігі шектеулі шағын жинақты және шалғай аймақтарда орналасқан мектептерге берілуде. Әрқайсысының құны – 400 000 теңге болатын станция 1 000 мың білім беру ұйымдарына тартылды. 



43
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!