Otpan News Logo

Елімізде балалардың құқықтарын қорғау басқармасы мен зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету кабинеттері пайда болады

|
26.12.2025 10:40
Елімізде балалардың құқықтарын қорғау басқармасы мен зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету кабинеттері пайда болады
ҚР Үкіметі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалар үшін қауіпсіз орта құру жөніндегі шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.


Отырыста ол «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң аясында министрлікке бірқатар құзырет берілгенін атап өтті. Ондағы басты жаңалық әрбір өңірде ерекше мәртебеге ие Балалардың құқықтарын қорғау басқармаларын құру болды.


Зардап шеккендерді қолдау үшін өңірлерде зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерін ашу жоспарлануда. Бұдан басқа, буллинг пен зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі жетілдірілетін болады.


«Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін білім беру ұйымдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары үшін нақты әкімшілік жауапкершілік белгіленді. Сонымен қатар бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы шараларды одан әрі жетілдіру мақсатында 2026-2030 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасы әзірленуде», — деп түйіндеді Жұлдыз Сүлейменова.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!