Otpan News Logo

«Ұзақ жылдық еңбектің жемісі»: «Қазақстан барысы» атанған маңғыстаулық балуанның анасы пікір білдірді

|
16.08.2026 10:43
«Ұзақ жылдық еңбектің жемісі»: «Қазақстан барысы» атанған маңғыстаулық балуанның анасы пікір білдірді

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2026» турнирінде топ жарған Жантілек Нұртілепұлының анасының баласының толағай табысы туралы айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Ақмарал Ақылбек әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялап, ұлының жеңісінің оңайлықпен келмегенін атады.

 

«Бала кезінен алдына мақсат қойып, талмай еңбектеніп, әр белдесуде мінезі мен қайсарлығын көрсетіп келе жатқан ұлымның бүгін осындай үлкен жеңіске жеткенін көру ана үшін айтып жеткізе алмайтын бақыт. Бұл жеңістің артында қаншама еңбек, төгілген тер, тәртіп, төзім мен сенім жатыр. Жантілегім, бүгін сен туған жерің Маңғыстаудың абыройын асқақтатып, бізді ғана емес, барша жерлестеріңді қуанттың. Алла күш-қуатыңды арттырып, жолыңды әрдайым ашық етсін. Бұл жеңісің үлкен белестеріңнің бастауы болсын! Биіктен көрініп, көк Туымызды талай додада желбірете бер», - деді анасы Ақмарал Ақылбек.

 

Сонымен бірге, «Қазақстан барысы» атанған балуанға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай арнайы сый ретінде көлік дайындап отырғаны белгілі болды. Финал алдында балуанмен бейнеқоңырау арқылы сөйлескен өңір әкімі жас спортшыға сәттілік тілеп, жеңіске жетеріне сенім білдірген.

 

Айта кетейік, Жантілек Нұртілепұлы 21 жастағы балуан. Ол қазақ күресінен дәстүрлі «Қазақстан барысы-2026» турниріне алғаш рет қатысып, финалдға 2023 жылғы чемпион, жамбылдық Ғалымжан Қырықбаевтан басым түсті. 

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!