Otpan News Logo

Маңғыстау облысындағы «Долинное» кенорнында мұнайды «заңсыз өндіріп, ілеспе газды атмосфераға шығарды»

|
11.08.2026 14:47
Маңғыстау облысындағы «Долинное» кенорнында мұнайды «заңсыз өндіріп, ілеспе газды атмосфераға шығарды»

2026 жылдың 11 тамызында әлеуметтік желілердің бірінде Маңғыстау облысындағы «Долинное» кенорнында мұнайды заңсыз өндіру және ілеспе газды атмосфераға шығару туралы бейне жарияланды. Осы оқиғаға байланысты экология департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды otpannews.kz


Аталған кенорынды «Емір-Ойл» ЖШС игеруде. Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде таралған ақпарат Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің бақылауында. Жарияланымда көрсетілген мәліметтер бойынша тиісті зерделеу және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 


«Аталған мән-жайларды жан-жақты анықтау мақсатында департамент тарапынан қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жоспардан тыс тексеру жүргізу мәселесі қаралады. Қажетті бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған фактілерге экологиялық және құқықтық баға беріледі. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады»,- делінген МО экология департаменті хабарламасында.
100
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!