Әлібек Оразбек: «Әр азаматтың таңдауы ел болашағына әсер етеді»
Қарақия ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Әлібек Оразбек ел болашағын қалыптастыруда білім мен тәрбиенің, сондай-ақ әр азаматтың саналы таңдауының маңызына тоқталды.
Балаға сапалы білім беру – оның жеке болашағына ғана емес, тұтас елдің дамуына қосылған үлес деп білемін. Ұстаз ретінде әр оқушының бойындағы қабілетін байқап, оның өзіне деген сенімін арттыруға және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына жағдай жасау – басты міндетім. Бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесі – мемлекеттің ертеңгі қуаты, – деді Әлібек Оразбек.
Оның айтуынша, ел өміріне бейжай қарамай, қоғамдық мәселелерге қатысты өз ұстанымын білдіру – әр азаматтың жауапкершілігі.
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – ел дамуының келешегіне қатысты өз ұстанымымызды білдіруге мүмкіндік беретін маңызды күн. Сондықтан әрбір азамат сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауын жауапкершілікпен жасауы қажет. Болашаққа бастар жол – бүгінгі саналы таңдауымыздан басталады, – деді ол.
11
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев