Otpan News Logo

Аманкүл Джайлханова: «Құрылтайға қатысу – ел болашағына деген сенім»

|
15.08.2026 13:43
Аманкүл Джайлханова: «Құрылтайға қатысу – ел болашағына деген сенім»

Маңғыстау облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Аманкүл Джайлханова 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауының маңызына тоқталып, қазақстандықтарды өз таңдауын жасап, дауыс беруге шақырды.


– 23 тамызда болатын сайлауға келіп, өз дауыстарыңызды беруге шақырамын. Себебі бұл – Жаңа Қазақстанның жаңа бағытта дамуына жасалған маңызды қадамдардың бірі деп ойлаймын. Біздің ата-бабаларымыз да Құрылтайда бас қосып, елдің маңызды мәселелерін талқылап, ақылдасқан. Сол себепті бүгінгі Құрылтай сайлауына қатысып, өз дауысымызды беру – жаңа заманның жаңа Құрылтайына деген үлкен сеніміміз әрі еліміздің болашағына қосқан үлесіміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді Аманкүл Джайлханова.

96
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!