Otpan News Logo

Отпан тауда белгілі композитор Марат Ордабаевтың 65 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

|
14.08.2026 15:43
Отпан тауда белгілі композитор Марат Ордабаевтың 65 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

12 тамыз күні «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, білім беру ісінің құрметті қызметкері, белгілі әнші-композитор Марат Ордабаевтың 65 жылдығына арналған «Биіктік» атты еске алу іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz


Рухани жиын «Отпан» МКҚК мен Жыңғылды мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті. Кешке өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген гитарада ән орындайтын өнерпаздар қатысып, сазгердің рухани мұрасына құрмет көрсетті.


Жиын барысында Марат Ордабаевтың жүрекке жол табар әндері шырқалып, композитордың қайталанбас әуендері өрнектелді. Өнер иесі туралы қадірлі естеліктер айтылып, көрермен мен әріптестері оның өмір жолы мен шығармашылығына тоқталды. 


Кештің шырайын кіргізген сәттердің бірі — Марат Ордабаевтың апалары Бақыт пен Айсұлудың сахнаға шығып, бауырларының әнін көпшілік алдында әуелетіп орындауы болды. Бұл көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.


Өнерде өшпес із қалдырған тұлғаны еске алу кешіне сазгердің жанұясы – жары Ұлзира, ұлдары, немерелері, туған-тумаластары және дос-жарандары қатысты. 


Кеш соңында сазгердің отбасы мүшелері іс-шараны ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.


Кеш соңында кешен ұжымы өнер көрсеткен қонақтар мен өнерпаздарға арнайы естелік сыйлықтар табыс етт

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!