Otpan News Logo

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы Qazaqstan Barysy турнирінде топ жарды

|
15.08.2026 21:04
Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы Qazaqstan Barysy турнирінде топ жарды
Фото: Qazaqstan Barysy

Қазақ күресінен Маңғыстау облысының балуаны Жантілек Нұртілепұлы («Лабақ батыр») қазақ күресінен еліміздің басты додасы — Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Жерлесіміз алғашқы қатысуында-ақ алтын белбеуді жеңіп алып отыр. Жартылай финалда ол Қостанай облысының өкілі Алмас Жұмағалиды («Өтей») жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алды.

 

Финалда дебютант Жамбыл облысының өкілі, қазақ күресінің танымал балуандарының бірі Ғалымжан Қырықбаймен («Барыс») кездесті. «Қазақстан Барысы-2023» турнирінің жеңімпазы атанған тәжірибелі қарсыласымен өткен тартысты белдесуде Жантілек Нұртілепұлы жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет Qazaqstan Barysy алтын белбеуінің иегері атанды.

 

Айта кетейік, Жантілек Нұртілепұлы - «Qazaqstan Barysy-2026» турнирінің ең жас қатысушыларының бірі. Соған қарамастан, ол алғашқы қатысуында-ақ алтын белбеуді жеңіп алып, ел балуандарының жаңа буынының әлеуетін айқын көрсетті.

 

Турнирдің қола жүлдесін Шымкент қаласының өкілі, ересектер арасындағы ел чемпионы Нұрсұлтан Қожагелдіұлы («Батыр») жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Қостанай облысының балуаны Алмас Жұмағалидан басым түсті.

 

Турнир жеңімпазы «Qazaqstan Barysy» алтын белбеуімен қатар 15 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Күміс жүлдегерге күміс белбеу мен 3,5 миллион теңге, ал қола жүлдегерге қола белбеу және 1,5 миллион теңге табысталды.

16
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!