Otpan News Logo

Түпқарағанда халық игілігі үшін бірнеше нысан ашылды

|
18.12.2025 12:59
Түпқарағанда халық игілігі үшін бірнеше нысан ашылды

Түпқараған ауданында бірқатар маңызды әлеуметтік нысан ашылып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Аудан әкімдігінің жазуынша, Баутино ауылына қарасты Аташ елді мекенінде заманауи футбол және балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. «Бозашы Нефть» мекемесінің қаржылай қолдауымен салынған бұл алаң балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және спортпен айналысуына мүмкіндік береді.


Сондай-ақ Форт-Шевченкода ауыз су мәселесі де шешімін тапты. Онда тәулігіне 5000 текше метр теңіз суын тұшытатын жаңа зауыт іске қосылды. Бұл нысан Форт-Шевченко қаласын ғана емес, Баутино мен Аташ елді мекендерін де толықтай ауыз сумен қамтуға қауқарлы.


Аудандағы жағымды жаңалықтардың қатарында Қызылөзенде ашылған спорт кешені де бар. Мұнда ангар типті жаңа спорт кешені есігін айқара ашты. Енді ауыл жастары мен тұрғындары футбол, волейбол, дзюдо, қазақша күрес, шахмат сияқты спорт түрлерімен тұрақты айналыса алады.



Түпқараған ауданының әкімдігі NCOC компаниясының демеушілінімен ауданда тағы екі бірдей әлеуметтік нысан ашылғанын атап өтті. Олардың қатарында 260 орындық өнер мектебі мен 100 орындық қызметтік жатақхана бар.

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!