Otpan News Logo

Сайөтестегі №171 сайлау учаскесінде дауыс беру белсенді өтіп жатыр

|
23.08.2026 19:13
Сайөтестегі №171 сайлау учаскесінде дауыс беру белсенді өтіп жатыр

Маңғыстау ауданының Сайөтес ауылында орналасқан №171 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауында дауыс беру қалыпты режимде өтіп жатыр. 

 

№171 сайлау учаскесінің төрағасы Абай Ермагамбетовтың айтуынша, сайлау учаскесі белгіленген уақытта ашылды. Дауыс берушілерге жан-жақты қолайла жағдай жасалған. Тұрғындар таңертеңнен бастап сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.

 

- Дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес өтіп жатыр. Сайлау учаскесінде 996 сайлаушы тіркелген. Сайлаушылар белсенді, өз таңдауларын жасап жатыр, - деді №171 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!