Жас патриот Бек Әли әкесімен бірге сайлау учаскесіне келді
Ел болашағына бейжай қарамайтын кішкентай Бек Әли Құрылтай депутаттарын сайлау күні әкесіне еріп, сайлау учаскесіне келді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Ақтаудағы №24 сайлау учаскесіне келген әкесі азаматтық міндетін орындап, дауыс берсе, Бек Әли оған қолдау көрсетіп, қасында болды.
Кішкентайынан елдегі маңызды қоғамдық шараларға қызығушылық танытып жүрген Бек Әли үшін бұл – азаматтық белсенділіктің алғашқы үлгісі. Әкесінің сайлауға қатысқанын көріп, ол да ел болашағына бейжай қарамаудың маңызды екенін түсініп өсіп келеді.
Осылайша, кішкентай патриот әкесіне еріп, сайлау учаскесіне келіп, ел өміріндегі маңызды күннің куәсі болды.
25
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев