Otpan News Logo

Ақтаулық танымал скрипкашы сайлауда дауыс берді

|
23.08.2026 16:36
Ақтаулық танымал скрипкашы сайлауда дауыс берді

«Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі, халықаралық байқаулардың лауреаты, Маңғыстау облыстық филармониясының әртісі, Ақтау қаласының кәсіби скрипкашы Әлия Жаналиева өз таңдауын жасау үшін №65 сайлау учаскесіне келді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Ол – Ақтаудағы ерекшелене білген өнер иелерінің бірі. Әлия қайырымдылық шаралары мен ерекше музыкалық перформанстарға қатысқан, сондай-ақ Каспий теңізінің қақ ортасында да өнер көрсетіп, көптің ықыласына бөленді. Өнерпаз қала мен облыстың мәдени өміріне өз үлесін қосып, жобалар мен концерттерге белсене қатысады.

«Бүгін – еліміз үшін маңызды күн. Мен өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Сайлауға қатысу – бұл жай ғана құқық емес, бұл – болашағымызға, қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуына әсер ете алатын нақты мүмкіндік. Әр дауыстың маңызы – үлкен. Баршаңызды шет қалмай, учаскелерге келіп, ортақ болашағымыз үшін саналы таңдау жасауға шақырамын»,- деп атап өтті өнерпаз Әлия Жаналиева.
50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!