Otpan News Logo

Маңғыстауда 12 баланың анасы маңызды саяси науқанда өз таңдауын жасады

|
23.08.2026 19:18
Маңғыстауда 12 баланың анасы маңызды саяси науқанда өз таңдауын жасады

Мұнайлы ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Ақмоншақ Жақсылықова Құрылтай депутаттарын сайлау күні №194 сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.


Көпбалалы ана үшін сайлауға қатысу – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. 12 перзент тәрбиелеп отырған Ақмоншақ Жақсылықова отбасы құндылығы мен ұрпақ тәрбиесінің қоғам дамуындағы маңызын атап өтті.

- Әр ата-ана баласының жарқын болашағын қалайды. Сондықтан еліміздің ертеңіне бейжай қарамай, өз азаматтық міндетімді орындап, сайлауға қатыстым. Әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек, – деді ол.
49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!