Otpan News Logo

Маңғыстаулық құдықшы Құрылтай сайлауында дауыс берді

|
23.08.2026 18:20
Маңғыстаулық құдықшы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Маңғыстау ауданында құдықтарды күтіп-ұстау және жөндеу жұмыстарымен айналысатын құдықшы Бердібек Шыңбергенұлы Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.

 

Көнеден келе жатқан кәсіпті меңгерген шаруагер Құрылтай сайлауына келу азаматтық борышы екенін айтты.

 

- Бүгінде елді мекендер мен жайылымдық жерлердегі құдықтардың жарамды күйде болуын қамтамасыз етіп, халық пен мал шаруашылығы үшін қызмет атқарып келемін. Бүгін еліміздің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым,- деді Бердібек Шыңбергенұлы. 

 

Азаматтық белсенділігін көрсеткен маман тұрғындарды дауыс беру учаскесіне барып, таңдауларын жасауға шақырды.

64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!