Otpan News Logo

Ақтаудағы №70 сайлау учаскесінде дауыс беру қалыпты жағдайда өтті

|
23.08.2026 20:00
Ақтаудағы №70 сайлау учаскесінде дауыс беру қалыпты жағдайда өтті

Ақтаудағы №70 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өтті. Сайлаушылар өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, таңдау жасауға белсенді қатысты.


Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бексұлтан Майрамовтың айтуынша, дауыс беру күні сайлау учаскесінде барлық қажетті жағдай жасалып, сайлаушылардың өз таңдауын еркін білдіруіне мүмкіндік берілді.

– Таңертеңнен бастап сайлаушылар белсенділік танытты. Учаскеге келіп, өз азаматтық ұстанымдарын білдірген тұрғындардың қарасы қалың болды. Әрбір сайлаушының дауыс беруіне қажетті жағдай жасалып, комиссия мүшелері өз жұмыстарын белгіленген талаптарға сай жүргізді. Дауыс беру барысында қандай да бір тәртіп бұзушылықтарға жол берілген жоқ. Байқаушы тараптан да ешқандай ескерту болған жоқ, - деді Бексұлтан Майрамов.

Оның айтуынша, сайлаушылар арасында жастар да жоғары деңгейде белсенділік танытқан. Бұл азаматтардың сайлауға деген жауапкершілігі мен белсенді қатысуы қоғамдағы саяси мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын аңғартады.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!