Otpan News Logo

Маңғыстаулық таеквандошы республикалық турнирде күміс жүлдегер атанды

|
18.08.2026 11:39
Маңғыстаулық  таеквандошы республикалық турнирде күміс жүлдегер атанды

Орал қаласында сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша өтіп жатқан ІV Спартакиадада маңғыстаулық спортшы Еркін Үлкеев жүлдеге ие болды. Ол ересектер арасындағы сурдо-таеквандо жарысында күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды otpannews.kz.


Биылғы дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен спортшылар қатысып, спорттың бірнеше түрінен өзара мықтыны анықтаған болатын. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің шеберлігін, физикалық дайындығы мен жігерін ортаға салды.


Маңғыстау облысының намысын қорғаған «Ерекше жан» спорт клубының сурдо-таеквандо бөлімінің спортшысы Еркін Үлкеев ересектер арасында 87 келі салмақта бақ сынады. Тартысты жекпе-жектерде қарсыластарына лайықты қарсылық көрсеткен спортшы жарыс қорытындысы бойынша ІІ орынға тұрақтады.


Еркін үшін бұл жүлде - қажырлы дайындық пен тынымсыз еңбектің жемісі. Спортшының әрбір жарыста тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдап келе жатқаны осы нәтижеден де байқалады.


Сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамыту, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды спортқа тарту - қоғамдағы инклюзивті ортаны қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі. Осындай жарыстар спортшыларға өз мүмкіндігін сынап қана қоймай, жаңа белестерді бағындыруға серпін береді.


«Еркін жарыс барысында өзінің дайындығы мен жігерін көрсете білді. Бұл жүлде – оның еңбегінің жемісі. Алдағы жарыстарда бұдан да жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінетініне сеніміміз мол», – дейді спорт мамандары.


Мамандардың пікірінше, мұндай жетістіктер сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамытуға серпін беріп, жас спортшыларға жаңа мотивация қалыптастырмақ. 

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!