Otpan News Logo

Биыл Ақтауда мектеп формасы мен оқу құралдарының бағасы қанша тұрады?

Биыл Ақтауда мектеп формасы мен оқу құралдарының бағасы қанша тұрады?

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Сауда орталығы мен базарда ата-аналар мен оқушылардың қарасы қалың. Бірі мектеп формасын алса, енді бірі оқу-құралдарын түгендеуде. Биыл бір баланы мектепке дайындау үшін қанша қаражат кетеді? Осы сауалға жауап іздеген otpannews.kz тілшісі қала базарын аралап көрді. 


Ақтаудағы базарды аралап, мектеп формасы мен оқу-құралдарының бағасын білдік. Сөредегі көздің жауын алатын құрал-жабдықтар мен киімдердің бағасы түріне, сапасына қарай әр түрлі. Саудагерлер бағаны алдыңғы жылмен салыстырғанда айырмашылық бар екенін айтады.


"Формалардың бағасы түрі мен сапасына қарай әр түрлі. Мәселен, көйлектер 6 мың теңгеден басталып, 10 мың теңгеге дейін жетеді. Ал костюм-шалбар немесе белдемше жиынтығы («двойкалар») 8 мың теңгеден басталады. Бағалар былтырғыға қарағанда біршама өскен. Жалпы алғанда, бір баланы тек киім-кешектің өзімен ғана толық киіндіруге шамамен 30 мыңдай қаражат кетеді»,- деді саудагер.


Оқушыға ең қажетті оқу-құралдардың да бағасын сұрадық. Құрал-жабдықты маусымдық жәрмеңкелер мен көтерме сауда орындарынан іздесеңіз, біраз үнемдеуге болады.


“Оқу-құралдардың бағасы әр түрлі. Дәптерлердің бағасы 25 теңге, қалам 30 теңге, қаламсап салғыш 400 теңгеден басталады. Бояулар мен күнделіктер де 400-500 теңгеден басталады”,- деді саудагер. 


Киім-кешек пен құрал-жабдықтардың бағасын орта есеппен алғанда бір оқушыны мектепке дайындау үшін шамамен 100 мың теңгедей қаражат кетеді. Әрине, бұл орташа көрсеткіш. Бала мен ата-ананың талғамы және қажеттілігіне байланысты бұл қаражаттың мөлшері өзгере береді.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!