Otpan News Logo

Маңғыстауда логистика саласы дамиды

Маңғыстауда логистика саласы дамиды

Алдағы жылдары Маңғыстауда экономика саласында мұнайдың үлесін түсіру бойынша қарқынды жұмыс атқарылады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Жібек жолы арнасына сілтеме жасап.


Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасында инвестиция көлемі айтарлықтай өскенін мәлімдеді.


«Біз мұнай саласына тәуелдіміз. Ол барлығына мәлім. Мұнайдың экономикамыздағы үлесі 43-44%. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе болашақтағы мұнайдың қоры болып отыр. Жерасты қазба байлығы қай уақытқа дейін жететіне бізге беймәлім. Сол себептен экономикамызды мұнайға тәуелді етпеуге жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда мұнайдың үлесі 41%-ға түсіп отыр, алдағы жылдары 35%-ға дейін түсуі мүмкін. Ол үшін логистика мен балық шаруашылығын дамытып, ішкі өнімді көбейту керек»,- деді аймақ басшысы.


Айта кетейік, өңірде балық шаруашылығы дамыту қолға алынды. Жобаға 7 млрд. теңге қаражат жұмсалған. Бұл жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асып отыр.

24
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!