Бауыржан Нарбаев Линц Гран-приінде күреседі
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 6-8 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Төменде ұлттық құраманың алдын ала тізімі берілген.
Ерлер
60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 келіге дейін: Айдар Арапов, Нұржан Бейсенов,
100 келіге дейін: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан
100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев.
Әйелдер
48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева
52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова
70 келіге дейін: Кристина Сотникова, Ажар Асхат
78 келіге дейін: Шынар Абатова, Назерке Тілеуханова
78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова.
Сондай-ақ, ақпан айының соңында Ташкентте өтетін Гранд Слэм бәсекесінде ұлттық құрама сапында маңғыстаулық балуан Асқар Нарқұлов белдеседі.