Otpan News Logo

Білім гранты иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланады

|
06.08.2026 09:10
Білім гранты иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланады
ашық дереккөз

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары 7 тамыз күні сағат 15.00-де ресми ақпарат көздерінде жарияланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды otpannews.kz. 


2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.


- Комиссия құрамында қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істеді. Комиссия отырыстарында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асты. Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін, - деп жазды министр. 

 

Биыл конкурсқа 127 мыңнан астам өтініш қабылданды. Талапкерлердің басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарын таңдады. Ал қабылдау науқанының қорытындысы бойынша болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар мен педагогтер даярлайтын білім беру бағдарламалары арасында бір гранттық орынға бәсекелестік ең жоғары болады деп күтіледі.

174
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!