Otpan News Logo

Егер сайлау күні басқа елді мекенде болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?

|
12.08.2026 18:31
Егер сайлау күні басқа елді мекенде болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?

ҚАЗІР ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІН АЛЫП, 23 ТАМЫЗДА ДАУЫС БЕРІҢІЗ!


Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен шығару куәлігін алуға құқығыңыз бар. Осылайша, 23 тамызда болатын жеріңіз бойынша дауыс бере аласыз.


Орталық сайлау комиссиясы еске салады:

Сайлаушының есептен шығару куәлігін алуға құқығы бар. Ол үшін жазбаша өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну жеткілікті.


Есептен шығару куәлігі 7 тамыздан бастап 22 тамыз күні сағат 18:00-ге дейін беріледі.


Есептен шығару куәлігін жеке өзіңіз, сондай-ақ сенімхат бойынша өкіл арқылы алуға болады. Сенімхатты нотариалдық куәландыру талап етілмейді.


Сайлаушы болатын жері бойынша сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде есептен шығару куәлігін және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!