Otpan News Logo

Әнші Мұрат Қожа Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

|
23.08.2026 12:43
Әнші Мұрат Қожа Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Маңғыстаулық танымал әнші Мұрат Қожа бүгінгі Құрылтай депутаттарының сайлауына Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясында орналасқан №248 сайлау учаскесінде дауыс беріп, азаматтарды ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға белсенді қатысуы азаматтық парыз екенін атап өтті.


Өнер иесінің айтуынша, әр азамат өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, елдің болашағына қатысты таңдау жасауға жауапкершілікпен қарауы қажет.

«Бүгінгі сайлауға Қазақстанымыздың болашағы үшін жанашыр адам ретінде барлығы келіп, өз дауысын беруі керек деп есептеймін. Бұл – бәріміз тұрып жатқан туған жеріміз, мемлекетіміз, еліміз. Сондықтан барша азаматты сайлауда өз таңдауын жасауға шақырамын», – деді Мұрат Қожа.

Әнші ел алдында жүрген өнер адамдары үшін қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысу – азаматтық әрі моральдық міндет деп санайды.

73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!