Otpan News Logo

Ондыда сайлау учаскесі ұлттық нақыштағы бұйыммен безендірілді

|
23.08.2026 12:47
Ондыда сайлау учаскесі ұлттық нақыштағы бұйыммен безендірілді

Маңғыстау ауданының Онды ауылындағы №183 сайлау учаскесінде ұлттық өнер мен қоғамдық маңызы бар шараның үйлесімін көрсететін ерекше көрініс орын алды.


Сайлау учаскесінің төрағасы Марал Жаулыбаева учаскені өзі дайындаған «Құрылтай – 23 тамыз» жазуы бар ұлттық нақыштағы тоқымалық бұйыммен безендірді. Қолдан тоқылған бұйымның бойындағы дәстүрлі өрнектер мен түстер қазақы мәдениеттің өзіндік ерекшелігін айшықтай түсті.


Марал Жаулыбаева мемлекеттік қызметте көпжылдық тәжірибесі бар маман ғана емес, көпбалалы ана, сонымен қатар атадан балаға жалғасқан ұлттық қолөнерді жаңғыртып, тоқыма өнерімен айналысады.


Оның айтуынша, ұлттық қолөнер — халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен бірге қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен құндылық. Сондықтан оны күнделікті өмірде дәріптеп, кейінгі буынға таныстыру маңызды. Сайлау учаскесіндегі ұлттық нақыштағы бұйым елдің қоғамдық өміріндегі маңызды күн мен атадан қалған өнердің сабақтастығын көрсетті.

42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!