Otpan News Logo

Маңғыстау облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов Алматы қаласында дауыс берді

|
23.08.2026 12:53
Маңғыстау облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов Алматы қаласында дауыс берді

Бүгінгі Құрылтай сайлауында Маңғыстау облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов Алматы қаласындағы №202 мектеп-гимназия ғимаратында орналасқан №211 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.


Ел тағдырына қатысты маңызды саяси науқаннан ақсақалдар қауымы да сырт қалған жоқ. Қай қалада жүрсе де, ел болашағына бейжай қарамайтын азамат ретінде Оңайбек Әбділов өзінің азаматтық ұстанымын білдірді.

-Сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі әдеттегідей көпшілікпен Әнұран орындаудан басталды. Бір қызығы, осы учаскеде «бірінші дауыс беруші» атанып, сайлау комиссиясының арнайы сыйлығын алу да маған бұйырды. Бұл — мен үшін жай ғана сыйлық емес, сайлауға деген азаматтық жауапкершіліктің символындай әсер қалдырды. Дауыс беру – әр азаматтың құқығы ғана емес, ел алдындағы жауапкершілігі. Сондықтан еліміздің ертеңі – әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты,-деді Оңайбек Әбділов.

Маңғыстау облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы сондай-ақ аға буын өкілдерінің қоғамдағы белсенділігі мен ел бірлігін нығайтудағы рөлі әрдайым маңызды екенін де атап өтті.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!