Otpan News Logo

Маңғыстаулық «Генерал әже» Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

|
23.08.2026 13:27
Маңғыстаулық «Генерал әже» Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Халық арасында «Генерал әже» лақап атымен танылған 80 жастағы Сәрсенбибі Утешова Мұнайлы ауданындағы №194 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.


Өмірлік мол тәжірибесі әрі өнегесімен көпке үлгі болып жүрген ардақты әже сайлауға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігінің маңызды көрінісі екенін атап өтті.


Бір әулеттің шежіресіне айналған 80 жастағы «Генерал әже» – 12 баланы тәрбиелеп өсірген, бүгінде 27 немере мен 76 шөбереге өнеге болып отырған іргелі әулеттің алтын діңгегі. Ұрпақ сабақтастығын жалғап, отбасы құндылықтарын сақтап келе жатқан ардақты әже – даналықтың, мейірімнің және ұлттық тәрбиенің жарқын үлгісі.


Саналы ғұмырында ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген Сәрсенбибі Утешова бүгінгі таңда да қоғам өмірінен шет қалмай, елдегі маңызды қоғамдық-саяси бастамаларға белсенді қатысып келеді.

- Ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауымызды жасау – әрбір азаматтың парызы. Болашақ ұрпақтың жарқын келешегі үшін бүгінгі саяси науқанға белсенді қатысуымыз қажет. Әр азамат өз даусымен елдің ертеңіне үлес қоса алады, – деді Сәрсенбибі Утешова.
62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!