Otpan News Logo

Ақтауда қазақ музыка өнерінің майталманы Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған концерт өтті

|
27.06.2026 10:11
Ақтауда қазақ музыка өнерінің майталманы Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған концерт өтті

Қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықатының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, дара дарын иесі Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің ұйымдастыруымен өткен «Күй – Қаршыға» атты концерттік кеште ұлттық музыка өнерінің жауһарлары дәріптелді. Маңғыстау облыстық филармониясының оркестрі орындаған концерт бағдарламасы көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.


Музыкалық кешке Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы, Қаршыға Ахмедияровтың өмірлік серігі Нұрбике Ахмедиярова және дәулескер күйші Сержан Шақырат қатысты.


Концертте Қаршыға Ахмедияровтың таңдаулы күйлері мен ұлттық музыка өнерінің үздік шығармалары орындалды. Бұл кеш – күй өнерінің қыраны атанған ұлы тұлғаның өнеріне деген зор құрметтің белгісі болды.


Қаршыға Ахмедияров – қазақ халқының мақтанышы, күйші, композитор және дирижер ретінде қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. Оның мұрасы – бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін баға жетпес қазына.

35
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!