Otpan News Logo

Ақтауда жасөспірімдер суға кете жаздады

Ақтауда жасөспірімдер суға кете жаздады
ашық дереккөзден

Ақтауда куәгерлер 4-шағынаудан жағалауында шомылып жүрген екі жасөспірімді ажалдан аман алып қалды. Суға батып кете жаздаған жеткіншектерді дер кезінде байқап қалған адамдар оларды жағаға шығарып үлгерген, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.


Оқиға 2026 жылғы 11 мамырда болған. 4-шағынаудан маңындағы жағалауда шомылып жүрген екі жасөспірім суға кетуге шақ қалған. Оқиға орнында болған куәгерлер дереу әрекет етіп, балаларды судан алып шыққан.


Оқиғаны видеоға түсірген тұрғын кейін халыққа үндеу жасады.


"Адамдар, шомылу маусымы басталып кетті. Мына екі жігіт жаңа ғана суға кетіп қала жаздады. Біз оларды әрең дегенде судан алып шықтық. Міне, қазір осында отыр. Тағы сәл кешіккенде қайғылы жағдай болуы мүмкін еді. Абырой болғанда, бәрі аман аяқталды, балалар тірі қалды", - дейді ер адам видеода.
65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!